Home Жаңалықтар Будапештте туристік катер суға батып кетті

Будапештте туристік катер суға батып кетті

53

Венгрия астанасында Дунай өзені бойымен серуенге шыққан, ішінде 34 адамы бар катер аударылып, жеті адам суға кетті. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

«Соңғы мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тапты. Құрбандар саны өсуі мүмкін. Кеме жолаушыларының көпшілігі – Азия елдерінен келген туристер», – делінген таратылған ақпаратта.

Оқиға 29 мамыр күні венгр Парламенті маңындағы өзен бойында орын алды. Алдын-ала мәлімет бойынша, туристік катер парламент ғимараты алдында тұрған кезде оған басқа серуендеу кемесі келіп соғылған.Дунай өзенінде нөсерден кейін ағын күшейіп кеткен. Қазір оқиға орынында құтқарушылар жұмыс істеуде.

BAQ.KZ
Алдыңғы жазбаҮйленем деп жеті жылға сотталды
Келесі жазбаЕлбасына «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді