Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының үздіктерінің бірі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама ұтып алды.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 50 келі салмақта бақ сынаған Назым шешуші айқаста Солтүстік Корея спортшысынан басым түсті.
Айта кетейік, бұл Назымның алғашқы Олимпиадасы болмақ.
Айта кетсек, бұған дейін Олимпиада жолдамасын сегіз боксшымыз ұтып алған. Олар – Қамшыбек Қоңкабаев, Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырхан, Айбек және Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов және Карина Ибрагимова. Сондай-ақ Валентина Хальзова 75 келіде жолдама иеленген болатын.
Бүгін Олимпиада жолдамасына Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да таласатын болады.