Home Жаңалықтар Назарбаев қыздарды аялауға шақырды – Ел жаңалықтары

Назарбаев қыздарды аялауға шақырды – Ел жаңалықтары

45

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды қыздарды аялауға шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қыз балалар аз туатын елдердің болашағы жоқ. Мемлекетте әйелдері аз болса, ұлты соншалықты жойылады», – деді Президент Астанада «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуінде.

Ол мысал ретінде Қытайды келтірді. Бұл елде ер адамдар әйелдерге қарағанда 60 миллионға көп.

«Олар өзге елге кетіп, сыңарын іздейді. 3000 жылға дейін қазіргіге қарағанда қыздары аз ұлт жойылады. Бұл туралы ойлаудың өзі қиын, бұл нақты есептелген, сондықтан қыздарымызды аялайық», – деді ол.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаНазарбаев: Әйелдердің өз тәнін саудалауы – масқара – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаІлияс Кардың ісі бойынша куәгер өз сөзінен айныды – Ел жаңалықтары