Home Жаңалықтар Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды? – Әуен

Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды? – Әуен

37

«Яндекс.Музыка» қазақстандықтардың қайталап жиі тыңдайтын әндерін анықтады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Үздік 20 композициның ішінде бірінші орында, тыңдарман ең көп қайталап қосқан – рэпер MATRANG-тің «Медуза» әні. Ал одан кейін қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің «Медина» трегі тұр.

Ал Қазақстанда әндерін  жиі тыңдайтын үздік 10 орындаушының тізімі мынадай:

1. Jah Khalib

2. Imagine Dragons

3. Скриптонит

4. LOBODA

5. Мот

6. XXXTentacion

7. Егор Крид

8. Miyagi & Эндшпиль

9. Элджей

10. HammAli & Navai

«Яндекс. Музыка» сарапшылары статистиканы зерттеп, орыс тілді орындаушылар көп тыңдалатынын анықтады.

«Алматылық сервис қолданушысы рэпер KUKOYAKA-ның «POOPIN» трегін бір жылда 901 рет, ал Астаналық қолданушы НАZИМЫ & Тиматидің «2000» әнін 374 рет тыңдаған. Алматыда екі адам Quest Pistols тобының өнерін қайталап қосқанды жақсы көреді:  бірі «Непохожие» әнін 862 рет, екіншісі «Революцияны» 475 рет тыңдаған», – деп хабарлады сарапшылар.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЖамбыл облысында болған ірі жол апатының видеосы шықты – Тосын жай
Келесі жазбаАлматыдағы автобус жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларын сүйсіндірді – Ел жаңалықтары