Home Жаңалықтар Назарбаев полицейлерді аттестаттаудан өткізу туралы қаулыға қол қойды – Ел жаңалықтары

Назарбаев полицейлерді аттестаттаудан өткізу туралы қаулыға қол қойды – Ел жаңалықтары

55

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Бұдан ары мемлекет басшысы қаулысының мәтіні:

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына сәйкес Қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.   

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссияның құрамы;

3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаНазарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаҚазақстан мұнайдың арқасында әлі қанша жыл өмір сүреді