Home Жаңалықтар Назарбаев пен Мирзиёев бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Назарбаев пен Мирзиёев бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

36

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық пен мол табыс, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Алдыңғы жазбаЕлбасы биылғы жылды қорытындылады
Келесі жазбаЗаңсыз шырша кескендерге салынатын айыппұл 15 есеге өсіп кетті