Home Жаңалықтар Назарбаев «Евгений Онегин» операсына барды – Ел жаңалықтары

Назарбаев «Евгений Онегин» операсына барды – Ел жаңалықтары

32

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Евгений Онегин» операсына барды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті «Астана опера» театрының бас дирижері А.Бөрібаев пен италиялық қоюшы режиссер Д.Ливермор қойған П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының премьерасын көрді.

Спектакльдің басты партияларын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының опера әртістері А.Исаев, Т.Мұсабаев, Г.Чеплакова, А.Ниязова, М.Шотабаев, Ж.Тапин, Д.Хамзина, Т.Вицинская және басқалары орындады.

Қойылымды тамашалау барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Үлкен театрының бас директоры В.Уринмен әңгімелесті.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды: Қар еруі мүмкін – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаПавлодарда жедел жәрдемге жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды – Тосын жай