Home Жаңалықтар Месси әлемнің үздік шабуылшысы

Месси әлемнің үздік шабуылшысы

44

«Барселонаның» ойыншысы Лионель Месси әлемдегі үздік шабуылшыны атады, – деп хабарлайды Vesti.kz. 

Ол бразилиялық атақты футболшы Роналдоны үздік форвард деп деп санайды.  «Роналдо нағыз феномен болды. Ол – мен көрген үздік шабуылшы. Ғажап футболшы болатын», – деді Месси.

Роналдо Роналдо «Крузейро», голландиялық ПСВ, «Барселона», миландық «Интер», мадридтік «Реал», «Милан» мен «Коринтианс» сапында ойнаған. Бразилия құрамасымен бірге екі рет әлем чемпионы (1994, 2002) атанып, Америка кубогын (1997, 1999) иеленген.  2011 жылы бразилиялық футболшы карьерасын аяқтайтынын хабарлаған. 2018 жылы Роналдо испаниялық «Реал Вальядолид» клубының қожайыны әрі президенті болды.

Алдыңғы жазбаҰҚК: Қызылорда облысында уран концентратын сатпақшы болғандар ұсталды
Келесі жазбаТрамп ИМ жетекшісі Бағдадидің Сирияда өлгенін растады