Home Жаңалықтар Мемлекет басшысы Жансейіт Түймебаевпен кездесті – Ел жаңалықтары

Мемлекет басшысы Жансейіт Түймебаевпен кездесті – Ел жаңалықтары

36

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентінің былтырғы желтоқсан айында Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.

Облыс әкімі Елбасыға негізгі әлеуметтік маңызы бар нысандардың, соның ішінде облыс әкімдігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер ғимараттарының, сондай-ақ 1 200 мың шаршы метрді қамтитын тұрғын үй құрылысының барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының іскерлік орталығын салудың және абаттандырудың қазіргі қарқынын сақтау қажет екенін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаРесей ашығуда, Қазақстан қайтпек?
Келесі жазбаНазарбаев Қостанай облысының әкімін қабылдады – Ел жаңалықтары