Ирланиядық файтер Конор МакГрегор Флойд Мейвезерден жеңілген жапон кикбоксшысы Тенисн Нацукавамен кездесуге ниетті, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы МакГрегор Twitter желісінде жазды. Файтер бұл жекпе-жекті биыл жазда ұйымдастыруды сұрады. Ол жапон спортшысымен ММА ережесі бойынша көрме жекпе-жегі аясында кездескісі келетінін айтып отыр.
«Токиоға барып, Тенсин Нацукавамен ММА ережесі бойынша көрме жекпе-жегі аясында кездескім келеді. Осы жазға дейін. Осыған келісім жасауды сұраймын. Құрметпен, чемпион», – деп жазды Конор.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz