Home Жаңалықтар Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды – Ел жаңалықтары

Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды – Ел жаңалықтары

33

Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Мәди Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Салық департаментінде жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басқарма басшысы. 2013-2014 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды. 2014 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында бюджетті 444 миллиард теңгеге ұлғайтады – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаҚазақстанда «7-20-25» бағдарламасына үлестік құрылысты енгізу ұсынылды – Ел жаңалықтары