Мұз кептелістеріне жол бермеу мақсатында, Батыс Қазақстан облыс аумағындағы өзендерде мұзды қопсыту және ұсақтауға бағытталған мұз жару жұмыстары аяқталды.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы құрылған комиссия Деркөл, Шаған, Шежін-1, Шежін-2, Шыңғырлау, Қайыңды, Өлеңті, Быковка және Рубежка өзендеріне барған.
Нәтижесінде 20 мыңнан астам шаршы метрде мұз жару жұмыстары жүргізілді.