Нью-Йоркте өткен бокс кешінде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде ресейлік боксшы Артур Акавовты техникалық нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 12-раундта аяқталған. Жекпе-жекті рефери тоқтатқан.
Осы жеңісінен соң амеркалық боксшы орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді оңайлықпен жеңе алатынын мәлімдеді.
«Головкинді алып келіңдерші, оның көзін құртамын», – деді америкалық боксшы жекпе-жектен кейін.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz