Ішкі істер министрлігінің өкілдері қазақстандық полицейлердің жаңа нысанды киімінің жобасын көрсетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомстводағылар форманың суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. ІІМ мәліметінше, полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген. «Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді. Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар — оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы. Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады», — деді ІІМ өкілдері.
Kaz.tengrinews.kz
































