Өмірден озғанына екі жылдан астам уақыт өткен Ислам Кәрімовтың өзбек халқы үшін орны бөлек. 1991 жылдан 2016 жылдың қыркүйегіне дейін өзбек билігіне иелік еткен Ислам аканың еліне жасаған жақсылығы жеткілікті. Осыдан біраз бұрын журналист Амангелді Ақынов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Кәрімовтың өзбек жұртына жасаған «5 жақсылығын» жазған екен. Соған қайта бір үңілгенді жөн көріп отырмыз.
«Мен тек Ислам Кәрімовтің еліне жасаған жақсылықтарының бір парасын тізіп шығамын. Себебі, өлген кісінің жаман ісін айтпайды»- дейді журналист.
- Елдің сыртқы қарызы жоқ екен (тым аз, жоқтың қасы).
- Елдің ішіне сырттан түрлі діни ағымдардың бірде-біреуін кіргізбеген. Идеологиясы мықты.
- 1991 жылы халқы 19 миллион болса, соны 31 миллионға жеткізген (33-35 млн. бар дейді).
- Елінің тілін, дінін, дәстүрін жақсы сақтап қалған (елінде өзге ұлт өкілдері, оның ішінде орыстардың өзі өзбекше сөйлейді.) Міне мықтылық! Идеологиясы мықты және патриоттығы жоғары.
- Елінде көлік те, ұшақ та шығарылады. Яғни, «бізде бәрі шығарылады» деген жалған ұран мен «көзбояушылық» жоқ.
Иә, Ислам Кәрімов күрделі тұлға. Еліне жасаған жақсылығы да, жамандығы да жеткілікті. Алайда басқасын былай қойғанда еліне жасаған осы бір 5 жақсылығының өзі, оның билігі кезінде орын алған кем-кетіктерді шайып кететіні белгілі. Мемелкет басшысы болған соң, осындай бол дегің келеді.