Home Жаңалықтар Ислам Әбішев бес жылға сотталды

Ислам Әбішев бес жылға сотталды

33

Астаналық ауданаралық сотта Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішев пен Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz МӘЛІМ сайтына сілтеме жасап.

Судья Қажымұқан Мекемтас Ислам Алмаханұлын бес жылға (мерзімін қоныс колониясында өтейтін болады), Серік Түкиевті төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Олар сот шешімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Сонымен қатар, судья адвокат Абзал Құспан сотқа жала жапты деп, журналистер Өмірзақ Ақжігіт, Сәуле Әбілдаханқызы сот беделін түсірді деп шешім шығарды. Және бір айдың ішінде шара қолдануға прокуратураға тапсырды.

Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев былтыр наурыз айында қамауға алынған еді. Оған бопсалау арқылы 60 млн теңгеден астам пара алуға оқталды деген айып тағылған.

Алдыңғы жазбаҚордай ауданында полицейлерге шабуылдаған ағайынды үшеу қамауға алынды
Келесі жазбаҚазақстанда қиылған некелердің 40% ажырасады