Home Басты жазба Иран  – Израиль  текетіресі  кімге  тиімді? 

Иран  – Израиль  текетіресі  кімге  тиімді? 

127

Иран  мен Израиль  текетіресінің  соңы,  Израилдің  соққы беруімен  жалғасты. Нақты  деректерге  назар аударсақ,  Израль жағы  кем  дегенде   екі  жүз  әскери  ұшақпен  шабуыл  жасаған. Бұған  алдын ала  Иран жерінде  жасырылған  дрондармен  диверсиялық  топтар  қосылған. 

Нысана  Иранның  ядролық  зертханалары,   ядромен айналысатын ғалымдар,   әскер  басшылары.  Израиль жағы  Иранның  біраз ядролық  орындарын  талқандағанын,  алты ядрошы  ғалымды   және Ислам революциясы сақшылары корпусының  басшысын,  Бас шатб  басшысын   және  тағыда  басқа  шенді  әскери басшыларын жойғанын  хабарлап жатыр. Әлбетте, бұл Иран  үшін  орны толмас  шығын. Израиль  жағы   осымен  шектеліп қалмайтынын  әліде  соқылар  жалғаса  беретін  айтуда.  Әлбетте, Иран жағыда  қарап  қалған  жоқ.  Израильге  қарсы күйрете   соққы  беретінін  тіпті  бір жерде   100. қайсы  бір дерек көздерінде  800 – ге  таяу  дрондар  ұшырғанын  жеткізуде. Әрине,  қанатты  және  баллистикалық  зымырандарда  болуы  бек  мүмкін. Бұл  қақтығыстың шығуы, Иранның   ядролық  бағдарламасынан   бастау алып  жатыр.  Ресми Тегеран   ядролық бағдарлама  тек  бейбіт  мақсатта  деп  айтқанымен,   Израиль  жағы «Бұл   ядролық  қару  жасау  және  ол  Израильге  қауіп  төндіреді» деп айыптайды.   АҚШ  пен  Иран  арасында   келіссөздерле   осы  мәселеге  арналған.  Мына  қақтығыстан кейін  келіссөз жалғаса  ма, белгісіз. Израиль  жағы   соғыс  ұзаққа  созылып кетуі  мүмкін  дегенді хабарлап  жатыр.  Қалай  десекте, Таяу  Шығыста һәм Парсы  шығанағында  тағы  бір  соғыс  ошағы  тұтанғаны белгілі. Аяғы  немен тынады? Ол  жөнінде сәуегейлік айтпай-ақ  қоялық.  Дегенмен «біреуге мал  қайғы,  біреуге  жан  қайғы»  болып жатқанда, осы қақтығыстан  пайда көріп жатқан  елдерде  бар.  Олар  мұнайлы   елдер. Айта кететін бір жайт,  соңғы кезде  әлемдегі геосаясаттың ушығуы, ОПЕК (Мұнай өндіруші елдер  ұйымы)  арасындағы  мұнай  өндіруге  байланысты «мылтықсыз  майдан»,  қара  алтынның  бағасын  біраз  түсіріп жіберген. Кешелі  бері   мұнай  бағасы  күрт  (1  баррель 78 долларға)  көтерілді. Әрине   бұл   мемлекет  қазынасын  мұнайдан  түскен  қаржыға  толтырып  отырған   Қазақстанға  да  тиімді. Бірақ  соғыстың  пайдасынан  гөрі  зияны,  қайғы – қасіреті,  залалы  көп екенін  ұмытпаған  жөн.

Алдыңғы жазбаТҰЙЫҚ ТАЛАНТ
Келесі жазба16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі ашық тарап кеткен: министрлік мәлімдеме жасады