Home Жаңалықтар Иран америкалық дронды атып түсіргенін хабарлады

Иран америкалық дронды атып түсіргенін хабарлады

36

Иран америкалық дронды атып түсіргенінхабарлады. Бұл ақпаратты исламреволюциясының сақшылар корпусы таратты. Олардың айтуынша, дронды Иранныңоңтүстігіндегі Хормозган провинциясында атыпқұлатқан.

«Барлау мақсатында» жіберілген ұшу аппараты«Иранның әуе кеңістігіне кірген«. Иранныңмемлекеттік ақпарат агенттіктері аппараттыңRQ-4 Global Hawk моделіне жататынын жазды. Басында АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі олаумақта ешқандай америкалық техника, ұшқышсыз басқарылатын аппарат болмағанынайтқан. Кейінірек бірқатар БАҚ америкалықжоғары лауазымды шенеуніктердің Ормузбұғазындағы халықаралық әуе кеңістігінде әскеридронның атып түсірілгенін растағанын жазды.

Иран мен АҚШ арасында жағдай ушығып тұрғаншақта америкалық дронның атып түсірілгенітуралы ақпарат шығып отыр. АҚШ бұған дейінТегеранды Оман шығанағындағы мұнайтанкеріне шабуыл жасады және өзге де «қастықәрекеттері» үшін айыптаған. Сарапшылар әскериқақтығыс тұтанып кетуі мүмкін деп қауіптенеді. АҚШ аймаққа тағы мың сарбазды жіберу туралышешім қабылдаған.

Алдыңғы жазба«Болашақ чемпиондар шығады деп сенемін»: Назарбаев туған жерінде спорт кешенін ашты
Келесі жазбаАлматыда Елбасының қатысуымен уақыт капсуласын қою рәсімі өтті