Home Жаңалықтар Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты – Ел жаңалықтары

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты – Ел жаңалықтары

37

Синоптиктер 2-4 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері аяздың беті қайтады.

«Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35…42 градусқа дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22 градусқа дейін кезекті температураның төмендеуін тудырады. Бірақ Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон, жексенбіде аяздың әлсіреуін, сондай-ақ қар жауу, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады», – дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАмерикада үскірік аяздан 250 миллион адам әбігерге түсті – Жаһан
Келесі жазбаШекара асқан шымкенттік жігіт тікелей эфирде қайтыс болды – Тосын жай