Home Қоғам Астанаға Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон және Шавкат Мирзиёев келді

Астанаға Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон және Шавкат Мирзиёев келді

16
2024 жылдың 17 қыркүйегінде Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің екінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға маңызды қонақтар келе бастады.

Атап айтқанда, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елордамызға жұмыс сапарымен келді.

«Мемлекет басшысының ұшағын Қазақстан астанасының халықаралық әуежайына қонды Президент Садыр Жапаровты Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон да келді.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Тәжікстан Республикасының Президенті, құрметті Эмомали Рахмонды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар құшақ жая қарсы алды… Сапар аясында Президент Садыр Жапаров. Сондай-ақ Орталық Азия елдері президенттерінің неміс кәсіпкерлерімен кездесуіне қатысады, неміс бизнес-қоғамдастығымен жеке кездесулер өткізеді, Германияның федералды канцлері Олаф Шольцпен екіжақты келіссөздер жүргізеді».Тәжікстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

Осы ретте Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жұмыс сапарымен келді.

«Мемлекет басшысын Астана халықаралық әуежайында Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды, бүгін Өзбекстан басшысын «Орталық Азия – Германия» екінші саммитінің іс-шараларына қатысады.Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

Жоғары мәртебелі меймандардың құрметіне елорда әуежайында құрметті қарауыл жасақталғанын айта кетейік.

Еске салайық, 2024 жылғы 16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германия Федералды Канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келді. Келіссөздер шағын және кеңейтілген құрамда өтті.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев неміс іскер топтарының өкілдерімен кездесіп, «Қазақстан – Германия» бизнес форумында сөз сөйледі.

Алдыңғы жазбаТоқаев мәртебелі меймандарды қарсы алды
Келесі жазбаЛукашенко 37 саяси тұтқынға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды