Home Жаңалықтар Рейтинг құртады. ҰБТ бойынша «мектеп жарыстыру» болмасын

Рейтинг құртады. ҰБТ бойынша «мектеп жарыстыру» болмасын

57

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ нәтижелер і бойынша мектеп рейтингтері мәселесіне тоқталды: «Ондай рейтинг керек емес. Ол шынайы емес, мектеп дайындығының шын деңгейін көрсетпейді», деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Мен бүгін үкімет отырысында сөз сөйледім, облыстар мен қала әкімдерінен ҰБТ қорытындысы бойынша рейтинг жүргізбеуін сұрадым. Біздің ойымызша, ондай рейтинг керек емес. Екіншіден, ол мектеп дайындығының деңгейін шынайы көрсетпейді, – деді министр үкіметтегі баспасөз жиынында.

Бұрын ҰБТ-ның екі функциясы болатын – қорытынды аттестациялау және жоғарғы оқу орнына оқуға түсудің жолы ретінде жүретін. Ал қазір ҰБТ-ға тек ЖОО-ға оқуға түскісі келетіндер ғана өз еркімен қатысады.

– Сондықтан оқушылардың жоғары оқу орындарына түсуі нәтижелері бойынша рейтингтер жүргізіп, мектептерді бағалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Мектеп оқушыларының үлгерімін сырттай бақылайтын басқа да тетіктер бар. Жалпы, мектептердегі рейтинг ұғымы – өте күрделі үрдіс. Білім деңгейін тек бір ғана тетік арқылы бағалау әділетсіз. Бұл жерде кешенді көзқарас қажет, – деп санайды БҒМ басшысы.

Алдыңғы жазбаМақсат Сқақов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды
Келесі жазбаСенат төрағасы Чехия кәсіпкерлерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырды