Home Жаңалықтар Қазақстанда азық-түлік бағалары белгіленд

Қазақстанда азық-түлік бағалары белгіленд

257

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы белгіленді. Сауда, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгіннен бастап келесі тауарларға шекті бағалар белгіленеді: бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, түтік кеспе (таразыда өлшенетін), қарақұмық жармасы, тегістелген күріш, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), тауық жұмыртқасы (І санат), күнбағыс майы, ас тұзы («Экстрадан» басқа).

«Соңғы айдағы азық-түлік тауарларына жасалған талдау нәтижесінде, бұл қазақстандықтардың жиі сатып алатын тауарлары болып шықты. Биылғы жылдың басынан бері дәл осы тауарлардың бағасы өсті», — делінген хабарламада.

Әр өңір үшін баға бөлек белгіленген. Мәселен, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бір келі нанның Нұр-Сұлтандағы ең қымбат бағасы 150 теңге, Алматыда — 146 теңге, Шымкентте — 146 теңге бола алады.

Өңірлерде: Маңғыстау облысында — бір келі нан үшін 164 теңге, Ақтөбе облысында — 147, Атырау облысында — 164, Ақмола облысында — 160, Қостанай облысында — 139, Қызылорда облысында — 143, БҚО — 160, ШҚО — 150, Павлодар облысында — 161, СҚО — 120, Алматы облысында — 144, Жамбыл облысында — 138, Түркістан облысында — 148 теңге.

Қарағанды облысында бағалар елді мекендерге байланысты белгіленген. Онда бір келі нанның құны 142-ден 160 теңгеге дейін.

Алайда бір бөлке нан (кірпіш) — 550 грамм. Осылайша, нан (кірпіштің) бағасы, мысалы, Нұр-Сұлтанда — 82,5 теңгеден, Алматы мен Шымкентте — 80,3 теңгеден аспайды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсатсыз баға көтерілсе, 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісі Нұр-Сұлтанда — 197, Алматыда — 211 болуы тиіс. Ал кеспе астанада — 230, Алматыда — 209 теңге.
Екі қалада қарақұмық жармасының бағасы бірдей — 339 теңге.
Күріш Нұр-Сұлтанда -307 теңге, Алматыда — 310 теңге тұрады.
Сиыр еті астанада 2113 теңге және Алматыда — 2169.
Он жұмыртқа — тиісінше 351 және 367 теңге.
Күнбағыс майы Нұр-Сұлтанда — 481, Алматыда — 434.
Тұз — 55 теңге, Алматыда 59 теңге.

Алдыңғы жазбаАйдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы қауесеттерді жоққа шығарды
Келесі жазбаҚазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500-ге жетті