Home Жаңалықтар «Ғаламның үздік дауысы»: Екінші келе жатқан Димаш 369-шы орынға бір-ақ түсті

«Ғаламның үздік дауысы»: Екінші келе жатқан Димаш 369-шы орынға бір-ақ түсті

52

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «Ғаламның үздік дауысы» деген америкалық шоуда бақ сынауда. Ол бір түн ішінде екінші орыннан 369 орынға түсіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаш Құдайбергенов

16 қаңтар күні кешкісін отандық әнші Димаш Құдайберген дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынға жайғасқан еді. Ол поп-музыка королі атанып кеткен Майкл Джексонды артқа қалдырған болатын.

Түнде қызық жағдай орын алып, Димаш екінші орыннан 369 орынға бір-ақ сырғыған. Отандық әнші аз уақытта 16 мыңдай лүпіл жинағанымен, 113 мыңнан астам дизлайк басқан.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген америкалық шоуға қатысып жатқандықтан, оған отандастардың қолдауы қажет.

Қатысушыларға дауыс беру ranker.com сайтында жүргізілуде.

Алдыңғы жазбаАҚШ барлауы: Қытай таяу жылдары озық қарумен жарақтанады
Келесі жазбаҚарағандыда жаппай төбелесте қаза тапқан жігіттің әкесі оқиғаны өзі баяндады