Home Жаңалықтар Еуро-2020. Қазақстан құрамасы Шотландияны ойсырата ұтты – Футбол

Еуро-2020. Қазақстан құрамасы Шотландияны ойсырата ұтты – Футбол

61

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Топтағы алғашқы ойында отандастарымыз Шотландияны ойсырата ұтты, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

«Астана Аренада» өткен ойында қазақстандық футболшылар қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Жаңа жаттықтырушы Михал Билек өзінің алғашқы ресми ойынында командамен жеңіске бастар жолды тапты.

Ойындағы алғашқы голды, жалпы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы голды Юрий Перцух соқты.

6 минутта Александр Меркель берген пасты сәтті пайдаланып, есеп ашты. Ал араға 4 минут сала Ян Вороговский есепті еселеді.

Екінші тайм басында Ресейдің «Ростов» командасында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов есепті еселеді. Гафуржан Сүйімбаевтың әуелете асырған добын баспен қарсылас қақпасына тоғытты. Есеп 3:0.

Таблодағы нәтиже сақталып, Қазақстан құрамасы айқын жеңіске жетті. 3 ұпаймен топта көш басына шықты. Қазақстан ұлттық құрамасы келесі ойынын 24 наурыз күні Ресей құрамасына қарсы өткізеді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаТалдықорғандағы ең басты даңғылға Тұңғыш Президенттің аты берілді – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАтырауда қызды құтқарамын деп полиция қызметкері қаза тапты – Тосын жай