Home Жаңалықтар Есімов Президентке «Самұрық-Қазына» компанияларының IPO-сы туралы баяндады – Ел жаңалықтары

Есімов Президентке «Самұрық-Қазына» компанияларының IPO-сы туралы баяндады – Ел жаңалықтары

63

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 
 
Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы екі айда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп берілді және Қордың даму стратегиясын жүзеге асыру аясындағы жоспарлары жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының компанияларын IPO-ға шығару және Қор активтерін жекешелендіру үдерістері жөнінде мәлімделді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАнкара тұрғындарына бауырсақ пен наурыз көже таратылды – Жаһан
Келесі жазбаПрезидент Шпекбаев пен Асановқа бірқатар нақты тапсырма берді – Ел жаңалықтары