Қазақстанда заңсыз жүрген 11 африкалық ұсталып қалыпты. Оларды Алматының полицейлері жергілікті рейд кезінде анықтады.
Тек бір аптаның ішінде Қазақстан Республикасында заңсыз тұрып жатқан Африка континентінің 11 азаматы анықталды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олар Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар, профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдердің 10 және көршілес мемлекеттердің 137 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. 23 шетел азаматы мемлекеттен шығарылды. Қабылдап-таратуға құжаттары жоқ 52 шетелдік орналастырылды,
деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.