Home Жаңалықтар Енді балабақшаға екі жастан қабылдайды

Енді балабақшаға екі жастан қабылдайды

50

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдауды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жаңа бағдарламаларға көшіп жатырмыз. Жас ерекшелігіне байланысты өзгерістер болады. Балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдау маңызды», – деді министр Нұр-Сұлтанда өткен Тамыз конференциясы барысында. Сондай-ақ, Аймағамбетов балабақшалардың жұмысын тамызға дейін ұзартуға қатысты пікір білдірді. «Бүгінде балабақшалар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Бірақ балалардың көбі 6 жасқа тола салысымен мектепке барып жатыр. Сондықтан балаларды екі жастан бастап балабақшаға қабылдау мәселесін көтеріп отырмыз. Сонымен қатар, балабақшаның жұмысын тамызға дейін ұзарту керек. Осыған байланысты арнайы бағдарлама әзірлеп жатырмыз», – деді министр.
Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаГүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлан Әлімжан мәжіліс депутаты болады
Келесі жазбаАлматы соты Серікжан Біләшті қамаудан босатты