Home Жаңалықтар Аралдың құпиясын кім ашады?

Аралдың құпиясын кім ашады?

63

Арал теңізі табанының не бір жұмбақ сызбаларға толы болуы да жұртты таңғалдырып отыр. Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ауа-райын бақылау орталығы қызметкерлері Аралды ұшақпен суретке түсіру кезінде күтпеген жайға тап болған.

Суы тартылған теңіз табанында кем дегенде 500 шаршы метр алаңда бір бағытқа тартылған ондаған ірі сызбаларды суретке түсірген. Кей жерлерде сызбалардың ені 2 метрден 50 метрге дейін жеткен. Сызбалар бір-біріне қатты ұқсайды. Мамандар бұл жұмбақ таңбаларды қаншама зерттегенімен, оның неден пайда болғанын таба алмады. Кеңес заманында аралға орналасып, бактериялық қаруды сынаған әскерилер де, қайраңға батқан балықшы кемелері де, теңіздегі қатулы толқын, құйындар да, не болмаса табиғаттың өзге де тосын мінезі, өзгерістері де теңіз түбінде мұндай керемет сызба-таңбалар қалдыра алмасы хақ. Сонда бұл не? Әлде адамзаттан тыс тағы бір әлем болып, солардың жазғандары ма?

Тіпті тартылған теңіз түбіндегі жұмбақ сызықтар шын мәнінде бізге белгісіз ақпараттық алаң болып табылуы әбден-ақ мүмкін. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, осы сызықтардың көмегімен кеңістікті ажыратуға, планетаның магниттік өрісін, меридиандар, параллельдер, оңтүстік пен солтүстікті, өзге де маңызды мағлұматтарды білуге болады екен. Тартылған теңіз түбіндегі жұмбақ жерге келген ғалымдар нақты бедерленген стрелканың тілі іспеттес суретті анықтаған. Бұл символдың әзірге қай тұсты меңзеп тұрғаны белгісіз, бірақ осынау жұмбақтардың түйіндерін бірте-бірте тарқата келе, болашақта адамзат баласы беймәлім алып меңзеп тұрған жерді табуы да мүмкін. Сонда зерттеушілерді түптің-түбінде не күтіп тұр? Жұмбақ символдардың сыры неде, кілтін қалай табамыз? Ол жерде не бар? Жаңа өркениет бар ма?

Көзден ғайып болып бара жатқан Арал теңізінің түбіндегі суреттердің аса үлкен аумақта шашырап жатқаны әзірге ғалымдардың жұмысын күрделендіріп отыр. Ғалымдар суреттерді ұшақпен немесе тікұшақпен зерттеуге мәжбүр. Бір жақсысы, таяз әрі тұнық су жұмбақ суреттердің нақты картинасын жасауға мүмкіндік беретін көрінеді

Ұлан  Әмірбеков

 

Алдыңғы жазбаБҚО-да жол апаты; 4 адам қаза тапты
Келесі жазбаЖиделі тоғай сыбырлайды…