Home Жаңалықтар Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700-ден асты

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700-ден асты

272

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 сәуір таңғы 08:45-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелген: Қызылорда облысында — 3 адам, Атырау облысында — 4 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында — 55 адам, Ақмола облысында — 42 адам, Атырау облысы — 36 адам, Жамбыл облысында — 45 адам, Шымкент қаласында — 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 6 адам, Алматы облысында — 10 адам, Ақтөбе облысында — 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 5 адам, Қызылорда облысында — 69 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 33 адам, Қостанай облысында — 3 адам, жалпы 704 науқас бар.

 

Алдыңғы жазбаТөтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банк шоты бұғатталмайды
Келесі жазбаАҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 1 736 адам қайтыс болған