АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 1 736 адам қайтыс болған, – деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, бүгінде АҚШ-та 398 785 адам коронавирус жұқтырған, олардың 12 893-і қайтыс болған. 22 мыңнан аса науқас жазылып шыққан екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша 1,28 миллион адам коронавирус жұқтырып, 72 мыңнан аса адам қайтыс болған.