Home Жаңалықтар «Елім»  дейтін  азаматтар  барда,  ел елеусіз  қалмайды!

«Елім»  дейтін  азаматтар  барда,  ел елеусіз  қалмайды!

34

«Ер  елсіз, ел  ерсіз»  болмайды  дегендей,  қай замандада ел  басына сын сағат  туғанда, сілтесең  сойыл, қорғансаң  қорғаның  бола алатын абадан азаматтар болған.  Қазірде  бар. Әсіресе,  көктемгі тасқын кезінде елім дейтін  азаматтар  өре  түре келді. Халықпен  бірге  болды.  Көмегін  аямады.

Сондай  бір  азаматтарды  кеше «Байтақ»  партиясы  Алматыдағы  кеңсесіне  жинап, тасқын кезінде көрсеткен  ерен  еңбектерін атап  өтіп, сый-сапат  жасады. Марапаттады. Нақтылап айтар  болсақ, «Байтақ»  партиясының  кәсіпкер  мүшелері  көктемгі  су  тасқыны кезінде Атырау  облысының  Жылой ауданына  жалпы  құны 90  миллион  теңге  болатын   көмек  көрсетті. Екі  фураға  тиеп   ең  қажетті құрал-жабдықтар, азық-түлік,  киім-кешек  тб. жіберді. Атап айтар  болсақ,  Алматыдағы  «Кенжехан»   көтерме-сауда  базарының  басшылығы   һәм осында сауда  жасайтын шағын  және  орта  бизнес  өкілдері үлкен  жәрдем  берді. Демек,  мұнадай  азаматтар  қандай  марапатқа  да  лайық. Ел  осындай азаматтармен  мақтануы тиіс! «Байтақ»  партиясы көктемгі  тасқында  халыққа көмек  көрсеткен барлық  азаматтарға  алғысын білдіреді.

Азаматхан ӘМІРТАЙ «Байтақ»   жасылдар  партиясының  төрағасы

Алдыңғы жазбаҚазақстандықтарға 800 миллионға жуық қаражат қайтарылады
Келесі жазбаДСМ Қазақстандағы коронавирус жағдайына қатысты мәлімдеме жасады