Home Жаңалықтар Димаштың моңғолиялық қарсыласы америкалық шоуда халықты таңғалдырды – Әуен

Димаштың моңғолиялық қарсыласы америкалық шоуда халықты таңғалдырды – Әуен

26

Моңғол әншісі Энх-Эрдэнэ АҚШ-та өтіп жатқан The world’s best халықаралық таланттар шоуында сенсация болды, – деп хабарлайды ARD тілшісі.

Әртіс байқауда танымал Amarillo by Morning кантри-композициясын орындады. Тыңдармандар ағылшын тілін білмейтін моңғол жігіттің америкалық әнді жан-тәнімен айта білгеніне таңғалды. Келген қонақтар мен төрешілер ән соңында ду қол шапалақтады.

«Энх-Эрдэнэ төрешілердің көңілінен шықты. Әлеуметтік желілерде Монғол ковбойы – #mongoliancowboy» хэштегі пайда болды», – делінген мақалада.

Америкалық әлеуметтік желілерде көрермендер көптеген жылы пікір қалдырған:

«Тіпті ағылшынша сөйлей алмайтын мына жігіт кантриді музыканттардың жартысынан жақсы орындап шықты».

«MongolianCowboy ағылшынша өте керемет айтады. Оның түрі де Пси сияқты. Әлемде ең үздік адам».

«#TheWorldsBest байқауын кеше кешке көрдім, #MongolianCowboy «Эй, Арнольдтағы!» мистер Хенхті еске салды және мырза, өтінемін, осы адам жеңіске жетсінші».

«Осы жігітті жақсы көремін! Ағылшын тілін біле ме, жоқ па бәрібір. Оның даусы керемен және бұл менің сүйікті әнім».

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаШымкентте бауыр мен бүйректі тұңғыш ауыстырған дәрігердің жаназасы шығарылды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаMINBER (МІНБЕР) – ЕЛІМІЗДЕГІ АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛІП ЖАТЫР? (ТОЛЫҚ НҰСҚА)