Home Жаңалықтар Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концерт бермек

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концерт бермек

36

Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та концерті өтеді.

«АҚШ-та Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен Димаштың концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.

Ерекше кездесу өткізген министр Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке шығармашылық концертін беретінін жеткізді. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ», – деп жазады ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы instagram парақшасында.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген жақында ғана елордада «Арнау» атты жеке концертін беріп, одан түскен қаржының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударды.  Сондай-ақ, бұған дейін оның Лондон мен Мәскеуде жеке өнер кештері өтті.

 

inform.kz

Алдыңғы жазбаОсы айда Арыстың әр тұрғынына 100 мың теңгеден беріле бастайды
Келесі жазбаҚартайдым, мойындаймын – Баян Алагөзова енді купальник кимейді