Home Жаңалықтар Данэлия Төлешова «Singer 2019» байқауының финалында өнер көрсетеді

Данэлия Төлешова «Singer 2019» байқауының финалында өнер көрсетеді

50

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Қытайдың «Singer 2019» ән додасының финалдық кезеңінде өнер көрсетеді.

10 сәуір күні «Singer» жобасының Weibo әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы жылғы доданың финалына жолдама алған әншілер және олармен бірге өнер көрсететін арнайы қонақтар тізімі жарияланды.

Жоба жетекшілері байқаудың ақтық бәсекесінде ресейлік әнші Полина Гагаринамен бірге өнер көрсету үшін қазақстандық әнші Данэлия Төлешованы, Қытайдың ұйғыр ұлтынан шыққан рэп әншісі AIR және тайвандық әнші Darren-ды шақырыпты.

Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer» жобасының 2017 жылғы додасына қатысып, екінші орын алған болатын.

«Singer 2019» ән байқауының ақтық бәсекесі 12 сәуір күні тікелей эфирде көрсетіледі.

inform.kz

Алдыңғы жазбаПрезиденттікке кандидат 2 млн 125 мың теңге сайлау жарнасын төлеуі тиіс
Келесі жазбаШығыс Қазақстанда апалы-сіңлілі 4 қыз газдан уланды