Ашхабадта Түрікменстандағы Coca-Cola өкілдігінің басшысы Гектуг Газиток қайтыс болды. Ол туралы Hurriyet түрік газетінде некролог жарияланды. Бірақ хабарламада бизнесмен өлімінің күні, себеп-жағдайлары нақтыланбаған.
Түрікменстандағы «Азатлық» тілшісі жариялаған ақпарат бойынша, ол «Огузкент» қонақүйінің терезесінен секіріп кеткен. Қазіргі таңда өзін өзі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Огузкент» Ашхабад қонақүйіндегілер болған оқиғаны растады.
Кей деректер бойынша, Түрікменстандағы Coca-Cola өкілдігі басшысында осы елдегі компанияның қызметіне байланысты қаржылық қиындықтар болған», – делінген мақалада.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz