Home Жаңалықтар «Челси» Еуропа Лигасын жеңіп алды

«Челси» Еуропа Лигасын жеңіп алды

38

Лондондық «Челси» Еуропа Лигасының финалында «Арсеналды» ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Қос команданың арасындағы кездесу сәрсенбі күні Бакуде өтіп, 4:1 есебімен аяқталды. Есепті кездесудің 48-і минутында «аристократтардың» шабуылшысы Оливье Жиру ашты. 60-ы минутта жартылай қорғаушы Педро теңбіл допты қақпаға тоғытып, басымдықты арттырды. Сонымен қатар хавбек Эден Азар дубль (65-і, 72-і) жасады. Ал «Арсеналдың» еншісіндегі жалғыз голды кездесудің 69-ы минутында жартылай қорғаушы Алекс Ивоби салды.

Осылайша «Челси» Еуропа Лигасының жеңіпазы атанып, келесі маусымда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін болады. Команда Ағылшын премьер-лигасында үшінші орынға тұрақтады.

Өткен маусымда испандық «Атлетико» Еуропа Лигасының жеңіпазы атанған болатын. Команда финалдық кездесуде француздық «Марсельді» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Алдыңғы жазбаҚарағандыда алғашқы TEDx конференциясы өтеді
Келесі жазбаҮйленем деп жеті жылға сотталды