Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңіне бірнеше сағат қалғанда киевтік аппеляциялық сот Зеленскийді сайлауда қалдыруға шешім қабылдады. Шоумен бірінші кезеңде көшбасшы атанғанымен, жеңіске жетерліктей ұпай жинамаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін, 21 сәуірде Украинада президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді.
Дауыс беру 08:00-ден 20:00-ге дейін 12 сағат өтетін болады. Уақыт айырмашылығы Қазақстан астанасымен үш сағатты құрайды.
Мемлекет басшысы лауазымына қазіргі президент Петр Порошенко мен шоумен Владимир Зеленский таласуда.
Естеріңізге сала кетсек, Украинадағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңі 31 наурыз күні өткен.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Зеленский көшбасшы атанған, ол 30,24 пайыз, ал Порошенко 15,95 пайыз дауыс жинаған.