Home Жаңалықтар Алматыда 120-дан аса көше жөнделеді – Ел жаңалықтары

Алматыда 120-дан аса көше жөнделеді – Ел жаңалықтары

55

2019 жылы Алматыда 120-дан аса көше жөнделеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, алты ықшамауданда ұзындығы 50 шақырымнан асатын жаңадан алты жол салынады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, мегаполисте жаяу жүргіншілер үшін жаңа тротуарлар салу және Жандосов көшесінің BRT желісі бойынша қайта жаңартылу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. 

«Абай даңғылы мен Саин көшесінің ары қарай ұзартылуы, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында және Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолы мен Емцов көшесінің қиылысында жол айрық салу жалғастырылатын болады. Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолының қиылысында немесе «Әуежай» айналма жолы» деп аталатын жаңа көлік жол айрығының құрылысын бастау жоспарланған», – делінген әкімдік хабарламасында. 


Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаМинистр Сүлейменов ипотеканы 10 жыл бойы қалай төлегенін айтты – Ел жаңалықтары
Келесі жазба«Аяла» қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов қайтыс болды – Ел жаңалықтары