Home Жаңалықтар БҚО-да ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар арасында конкурс өтті

БҚО-да ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар арасында конкурс өтті

39

Батыс Қазақстан облысында «Қарлығаш» – әр үйге бақыт ұяласын» атты ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар арасындағы конкурстың марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Іс-шара облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен мейірбандық айлығы аясында өтіп отыр.

Конкурсқа облыс бойынша 13 отбасы қатысып, бақ сынады. Шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, облыстық маслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, әлеуметтік қорғау саласының мамандары қатысты.

«Құрметті халайық, облысымызда жыл сайынғы дәстүрлі Мейірбандық күндері айлығы өткізілгені баршаңызға белгілі. Осынау айлық аясында алғаш рет оздырылып отырған «Қарлығаш» – әр үйге бақыт ұяласын» атты ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар арасындағы конкурстың орны тым ерекше. Өйткені бұл – ерекше баланы тәрбиелеу мен оны қоғамға бейімдеуде күні-түні тыным көрмей шырылдайтын ардақты ата-ананың еңбегіне алғыс білдіретін күн. Барша адамзатқа шүкіршілік пен үзілмейтін үміттің озық үлгісі бола білген сіздерге шын жүрегімнен алғыс білдіремін»,- деп Б. Нарымбетов қатысушыларға алғысын білдірді.

Конкурс қорытындысы бойынша, 1 орынды – Орал қаласынан Темірғалиевтер отбасы, 2 орынды – Жәнібек ауданынан Дускалиевтер отбасы, 3 орынды – Бөрлі ауданынан Бекешевтар отбасы иеленді.

«Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның алтын діңгегі. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты да жақсарады. Отбасылық құндылықтарды қадірлеу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін сезіну, соның ішінде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеудегі ата-ананың орасан зор еңбегін дәріптеу басты ұстаным!» – дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Миргүл Құрманбаева.

Сонымен қатар «Зияткерлер отбасы» номинациясы бойынша Орал қаласынан Елеушевтер отбасы, Теректі ауданынан Кенжебаевтар отбасы, Казталов ауданынан Садықовтар отбасы, «Спортты жанына серік еткен отбасы» номинациясы бойынша Сырым ауданынан Ақжановтар отбасы, Қаратөбе ауданынан Қасайновтар отбасы және Тобағұл отбасы, «Шығармашыл отбасы» номинациясы бойынша Бөкей Орда ауданынан Бисенғалиевтер отбасы, Бөрлі ауданынан Мусагалиевтер отбасы, Тасқала ауданынан Рахметовтар отбасы марапатталды.

Алдыңғы жазбаБатыс Қазақстанда заңсыз елік аулаған төрт адам ұсталды
Келесі жазбаОқушылардың 64% қазақ тілінде оқыған мәтінді түсінбейді – Рауан Кенжеханұлы