Home Жаңалықтар БҚО-да апаттық-құтқару жұмыстарына 8 200-ден астам адам жұмылдырылды

БҚО-да апаттық-құтқару жұмыстарына 8 200-ден астам адам жұмылдырылды

59

Батыс Қазақстан облысында апаттық-құтқару жұмыстарына 8 241 адам жұмылдырылды.

Жедел штабтан мәлім еткеніндей, соның ішінде ҚР ТЖ министрлігінен – 1 191, Ішкі істер министрлігінен – 467, Ұлттық ұланнан – 865, Қорғаныс министрлігінен – 600, жергілікті атқарушы органдардан – 2 901, ҰҚК-ден – 4, ұйымдардан 2 213 адам су тасқынымен күреске атсалысуда.

Сондай-ақ 1 609 техника, 202 су соратын мотопомпа, 158 жүзу құралы, 2 тікұшақ тартылған.
Су тасқыны басталғаннан бері 13 754 адам көшіріліп, құтқарылса, соның 5 710-ы – балалар. Қазіргі кезде эвакуациялық пункттерде 2 323 адам бар.

Облыс бойынша 4 924 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. 2 406 бас ауыл шаруашылығы жануары шығынға ұшыраса, соның 119-ы – үй құстары.

Гуманитарлық жүк қабылдау жөніндегі облыстық штабқа 5 сәуірден бері 569 527 кг көмек жеткізілсе, соның 75 тоннасы әуе кемелері, 494 527 килосы авто және теміржол көлігі арқылы әкелінді.

Су тасқыны
Фото: БҚО ТЖД

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 18 сәуір сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, Жайық өзеніндегі су деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында бір тәулікте бірден 38 сантиметрге көтеріліп, 856 сантиметрге (қауіпті шегі – 1 250 см) жетті. Орал қаласы гидробекетінде 781 (+2, қауіпті шегі – 850 см), Көшімде 786 (+8), Тайпақта 486 (+8) сантиметрді көрсетті.

Алдыңғы жазбаСу тасқынының «қайыры» бар
Келесі жазбаСамат Әбіштің шартты жазасы: сот үкім логикасын түсіндірді