Home Саясат Бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

77
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ плюс отырысына қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған геосаяси қайшылықтар мен шиеленіс әлеуетінің күшеюінен туындаған күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті.

«Халықаралық қауіпсіздік архитектурасына қауіп төніп тұр, бұл бүкіл адамзат үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.Осындай тағдыршешті кезеңде бізге өңірлік және жаһандық деңгейде ұжымдық күш-жігер арқылы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін орасан зор жауапкершілік жүктеледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, ШЫҰ өзінің беделін, елеулі экономикалық және адами ресурстарын ескере отырып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және заманауи сын-қатерлерді еңсеру үшін тиімді шешімдер әзірлеуге қабілетті.

Бұған дейін елордадағы Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ның кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды. Оған қатысушылар бірлік, келісім және даму мәселелерін талқылайды.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда 285 сейсмикалық станция орнатылады: кешенді жоспар қабылданды
Келесі жазбаАстанада қанша адам тұрады?