Home Жаңалықтар Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болды

Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болды

47

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18 қыркүйектегі Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды /tazael.kz/ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол алдында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

«Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын» делінген Жарлықта.

Алдында ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов болған. Ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып кетті.

 

Алдыңғы жазбаҒалымжан Қойшыбаев қайтадан ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болды
Келесі жазбаМемлекеттік кірістер комитеті желіні шулатқан ақпаратты жоққа шығарды