Home Жаңалықтар Бірнеше облыста жолдар жабылды — Ел жаңалықтары

Бірнеше облыста жолдар жабылды — Ел жаңалықтары

277

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақавтожол» мәліметі бойынша, Батыс Қазақстан облысында боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты 18 ақпаннан бастап 23.20-да барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты — қатты боран, нөлдік көріну — Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз Республикалық маңызы бар автожолы учаскесінде 92-257 шақырым, Ембі қаласынан Шалқар қаласына дейін, автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Қызылорда облысында 19 ақпанда түн ортасында боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Самара-Шымкент автожолының учаскесі жабылды, Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылордаға дейін автокөліктің барлық түрлері үшін 1240-1812 шақырым.

Алматы облысында боран салдарынан Үшарал — Достық автожолы 83-184 шақырым, Көктұма ауылынан Достық ауылына дейін, автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен — Зырян — Рахман қайнарлары автожолының шағын учаскесінде қозғалыс шектелді. Солтүстік ауылынан Серебрянск қаласына бұрылысқа дейінгі 46-66 шақырымындағы учаске қысқы кезеңде Осиновка асуында ауыр тау — кен жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында-тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлігі үшін жабық.

Осыған дейін, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер қазақстандықтарға жолдағы қауіпті жағдайларды айтып, көлікпен ұзақ жолға шықпауға шақырды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаКейіпкер болып өмір сүрудің ең үздік, ең озық үлгісі
Келесі жазбаАлексей Цой ПІБ Медорталығының басшысы болды — Ел жаңалықтары