Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
«26-29 наурыз аралығында жаңбыр басым болатын жауын-шашын болжамына байланысты СҚО, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында қардың қарқынды еруі, еріген қар суының қалыптасуы, өзендердегі мұз жағдайының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі», – делінген хабарламада.
26 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 26 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz