Home Жаңалықтар Батыс Қазақстанда 20 бригада киік аулауда

Батыс Қазақстанда 20 бригада киік аулауда

79

Биыл Үкіметтің қаулысы мен комитеттің бұйрығына сәйкес, киік санын реттеу ісі 10 қаңтардан басталып, 29 ақпанға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Dodanews сайты.

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов мәлім еткеніндей, қыста коралл әдісі қолданылмайды.

Өйткені жер қатып қалған, қазылмайды, киікті мотоциклмен айдап, қамау мүмкін емес. Сондықтан мәселе тек ату әдісімен реттеледі.

«Облыс бойынша барлығы 20 бригада жұмыс істеп жатыр. Дегенмен бұл олардың бәрі бір мезгілде шығады деген сөз емес. Кейбірінің көліктері болмайды немесе оқ-дәрі таусылып қалады. Күні бүгінге дейін 2874 киік атылды. Өткен жылдан бастап, 226 мың бас киік аулануы керек еді. Алайда 2023 жылы — 20 мың бас, биыл 2800-дей бас киік ауланды, біз әлі белгіленген меженің 10 пайызына да жеткен жоқпыз», — дейді Нұрлан Сағынтайұлы.

Қайрат Болатұлы

Алдыңғы жазбаВ Алматинской области прошел круглый стол на тему «Биологическая защита зеленого фонда»
Келесі жазбаОңтүстік Корея қазақстандықтарды жұмысқа қабылдайды