Қолайсыз ауа райына байланысты Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы 30 желтоқсан 09:00-12:00 аралығында жабық. Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешігіп жатыр.
Сондай-ақ әуежайдағы ұшу-қону үшін қолайсыз ауа-райы орнауына байланысты әуекомпаниялар рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады.
«Жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Авиациядағы басты қағида – қауіпсіздік», – делінген хабарламада.