Home Жаңалықтар «Ауыл» партиясы өз кандидатын жариялайды

«Ауыл» партиясы өз кандидатын жариялайды

44

2019 жылдың 25 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Съездің күн тәртібінде 2019 жылғы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан кандидатура ұсыну мәселесі тұр. Жиынға партияның облыстық филиалдарының өкілдері, жастар қанатының мүшелері, партиялық белсенділер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады», – делінген партия хабарламасында.

Еске сала кетсек, 9 сәуірде республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын  2019 жылдың 9 маусымында өткізу жөнінде шешімін жариялады.

www.inform.kz

Алдыңғы жазбаАлматы облысында оқушы қыз сыныптасының көзіне қалам тығып алды
Келесі жазбаАлматыда 2 күн бойы су тасу қаупі бар – ТЖД