Home Жаңалықтар «Канело» Джейкобсты тақандамақ

«Канело» Джейкобсты тақандамақ

38

2019 жылдың мамырында «Канелоның» Головкиннің орнына кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды кеше, 09:46608 0 Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя  WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (50-1-2, 34 КО) қарсылас тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Порталдың мәліметінше, «Канело» 15 желтоқсанда АҚШ-тағы Madison Square Garden аренасында WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы ұлыбританиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте «Канело» жеңіске жетсе, промоутер 4 мамырда мексикалықты осы салмақ категориясындағы IBF титулының иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 KO) кездестіргісі келеді. «Джейкобс біздің тізімде тұр, – деді Де Ла Хойя TMZ Sports басылымына берген сұхбатында. Дэниэл Джейкобс, Билли Джо Сондерс, ағайынды Чарло – олар барлығы мүмкіндіктерін қолданады. Ол проблема емес, себебі «Канело» үздіктермен жұдырықтасады. Мен «Канело» мен Джейкобстың кездесуін көруге қарсы емеспін. Дэнниді жақсы көремін».

Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаТарихымыздың бұл кезеңін ешқашан естен шығармауымыз керек
Келесі жазба«Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады