Home Жаңалықтар Астанада өрт салдарынан бес бала қаза тапты: «Ата-аналары жұмыста болған» — Тосын...

Астанада өрт салдарынан бес бала қаза тапты: «Ата-аналары жұмыста болған» — Тосын жай

319

Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкіліне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. «4 ақпанда сағат 02:34-те 101 пультіне жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Өрт 30 шаршы метрді шарпып, кейін 25 шаршы метр шатырды құлатқан.

Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды. Ата — аналары жұмыста болған», — делінген хабарламада.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаТеңгенің тағдыры рубльге байлаулы ма?
Келесі жазбаӘлімханұлы АҚШ-тағы жеңісінен кейін рейтингте 66 орынға көтерілді — Бокс