Home Жаңалықтар Әлімханұлы АҚШ-тағы жеңісінен кейін рейтингте 66 орынға көтерілді – Бокс

Әлімханұлы АҚШ-тағы жеңісінен кейін рейтингте 66 орынға көтерілді – Бокс

38

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингтегі бесінші жеңісінен кейін дивизионының рейтингінде 66 орынға көтерілді, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

2 ақпанда кешке АҚШ аренасында 25 жастағы Әлімханұлы бесінші раундта «Жалдамалы кісі өлтіруші» лақап атты америкалық Стивен Мартинесті нокаутқа жіберді.

Бұл нәтиже қазақстандықты BoxRec рейтингінде орта салмақтағы үздік 100 боксшының қатарына енгізіп 84-ші орынға жайғасуға мүмкіндік берді. Дивизионды мексикалық Сауль «Канело» Альварес бастайды, ал одан кейін Геннадий Головкин тұр. 


© instagram/janibek_alimkhanuly

Жеңіске жеткеннен кейін Әлімханұлы екі салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы және әлемнің үздік боксшыларының рейтингінде көшбасшысы болған америкалық Андре Уордоммен кездесті. Танымал боксшымен түскен суретін ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. «Жүректі кездесу. Чемпионнан құттықтау сөз естігеннен кейінгі естелік фото», – деп жазған қазақстандық боксшы.


© instagram/janibek_alimkhanuly

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАстанада өрт салдарынан бес бала қаза тапты: «Ата-аналары жұмыста болған» – Тосын жай
Келесі жазбаАстанадағы пирамида қалай өзгереді? – Ел жаңалықтары